» » ЗАҢДЫ БІЛУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

ЗАҢДЫ БІЛУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

«Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында кездесу өткізілді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі 2026 жылды "Заң мен Тәртіп - қауіпсіз балалық шақ кепілі" жылы деп жариялауына байланысты және "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қармақшы ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Өмірбекұлы Мерей және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Бақытжанұлы Асылжан, Жосалы кенті №121 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Сағатұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қысқаша хабарлама жасалынды. Мұнан соң полиция подполковнигі Мерей Өмірбекұлы, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің, топтық төбелестің және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндіріліп, сондай-ақ интернет алаяқтық қылмыстары мен суицидтің қауіптілігі туралы арнайы видеороиктер көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара соңында мектеп директоры Мұхтар Байұзақұлы қоғамның тәртіп сақшыларына мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс білдірді.

21 наурыз 2026 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30