» » ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ

Заңдылық пен тәртіп кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып табылады, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғамның да заң нормаларын қатаң сақтауымен ғана мүмкін болады. Осы орайда №121 орта мектебінде "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Заң және тәртіп" жобасы бойынша жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, зиянды әдеттерден, лудомания, буллинг пен кибербуллингтен, вандализм мен зорлық-зомбылықтан, терроризмнен діни экстремизм және топтық төбелестің алдын алу мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Т.Сағатұлы және
Қармақшы ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Бақытжанұлы Асылжанмен бірлесе жоғарғы 9-10-11 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп инспекторы: Құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 293 бабы Бұзақылық бойынша жасөспірімдер арасында топтық төбелесті болдырмау мақсатында және ӘҚБ-ң 442-бабы бойынша түнгі 23:⁰⁰- мен таңғы 06:⁰⁰ аралығында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер заңды өкілінсіз яғни ата-анасыз жүрмеу керектігін айтып түсіндірді.
Шара соңын тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары: Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде екенін айтып қорытындылады.

04 желтоқсан 2025 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930