ЕҢБЕК КҮНІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
2026 жылдың 16 қазаны күні Достық үйінде Еңбек күні мен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті.
Шараны облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы құттықтау сөзімен ашып, еңбек адамдары мен әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеріне Қызылорда облысының әкімі М.Н. Ергешбаевтың «Алғыс хатымен» және ақшалай сертификатымен марапаттады.
Шараны облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы құттықтау сөзімен ашып, еңбек адамдары мен әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеріне Қызылорда облысының әкімі М.Н. Ергешбаевтың «Алғыс хатымен» және ақшалай сертификатымен марапаттады.
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:
«Алтын» жүлде иегері - Абдрахмановтар әулеті. Қазалы ауданының теміржолшылар династиясы. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 869 жылды құрады.
«Күміс» жүлде иегері – Башеновтер әулеті. Қармақшы ауданының гидротехниктер династиясы. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 128 жыл.
«Қола» жүлде иегері – Бимахановтар әулеті. Жалағаш ауданының электриктер династиясы. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 82 жыл.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша:
«Алтын» жүлде иегері - «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық коммуналдық кәсіпорынның бригадирі Байбосынов Қылышбек Шарапұлы.
«Күміс» жүлде иегері - «Шаған жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дәнекерлеушісі Баекешов Қарасай Санатбайұлы;
«Қола» жүлде иегері - «Қызылорда тазалығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі Жұмабекова Гүлзинат Мүсірепханқызы.
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша:
«Алтын» жүлде иегері - «Байкен – U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аппаратшы - гидрометаллургы Сейітхан Дінмұхамбет Маратұлы;
«Күміс» жүлде иегері - «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «СырдарияСуШар» өндірістік учаскесінің техник – гидротехнигі Шайзада Айдана Шайзадақызы;
«Қола» жүлде иегері - Қармақшы аудандық ветеринариялық стансиясының ветеринарлық дәрігері Бахытов Меңдулла Елубайұлы.
Шара барасында облыстық кәсіподақтар орталығы тарапынан 10 қарапайым қызметкерге шипажайға жолдама табысталып, Әлеуметтік қорғау жүйесінің бірқатар қызметкерлері облыстық және ведомствалық медальдармен, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен облыс әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
«Үздік еңбек әулетінің» «Алтын» жеңімпаз иегері «Еңбек күніне» орай 26 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің қатысуымен Астана қаласындағы Президент орталығында «Еңбек – Ел мұраты» республикалық форумына қатысып, аталған номинация бойынша республикалық деңгейде 1 орынға иелік етіп, сыйлықтармен марапатталды.
Абдрахмановтар әулеті 4 ұрпақ бойы (ата, әке бала, немере) еліміздің экономикасының «күре тамыры» болып саналатын Теміржол саласында қызмет етуде.
Әулеттің еңбектері еленіп, өз уақытында «Ленин», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек даңқы» ордендерімен және Темір жол саласындағы социалистік жарыстың үздігі», «Социалистік жарыстың жеңімпазы» секілді наградалармен марапатталған.
Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
















