Жәрдемақы төлеудің жаңа тәртібі: А және Б санаттарына кімдер кіреді?
Отбасы табысы қалай есептеледі?
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақылар отбасының әл-ауқатына қарай тағайындалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, отбасылардың жағдайы Отбасының цифрлық картасы арқылы 50-ден астам өлшем бойынша бағаланады.А және Б санаттарына кімдер жатады?
Отбасының әр мүшесіне шаққандағы табысы – әл-ауқатты бағалаудағы негізгі өлшемдердің бірі. Мысалы, А санатына жан басына шаққандағы табысы 7 күнкөріс минимумынан асатын отбасылар жатады. Ал Б санатындағы отбасылардың әр мүшесіне шаққандағы табысы 6-7 күнкөріс минимумы аралығында болады. 2026 жылы Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңгені құрайды.Мүлкі мен активтері де қаралады
Отбасының баспанасы, жылжымайтын мүлкі, көлігі, жер учаскелері және кәсіпкерлік қызметі де ескеріледі. Министрліктің түсіндіруінше, А санатына үлкен аумақты жылжымайтын мүлкі, люкс санатындағы көлігі мен бизнесі бар отбасылар жатуы мүмкін. Б санатына жайлы баспанасы, премиум санатындағы көлігі және кәсіпкерлік қызметі бар отбасылар кіреді.Әлеуметтік жағдай бір ғана көрсеткішпен өлшенбейді
Бағалау кезінде отбасының жұмыспен қамтылуы, несиелері және әлеуметтік жағдайы да назарға алынады. Жалпы, 50-ден астам өлшем ескерілетіндіктен, отбасының санаты бір ғана көрсеткішке қарап анықталмайды.Отбасы санаты ұдайы жаңарып отырады
Отбасының әл-ауқаты тұрақты көрсеткіш емес. Егер табысы, мүлкі немесе өмірлік жағдайы өзгерсе, оның санаты да қайта қаралуы мүмкін. Санаттарды анықтауда Отбасының цифрлық картасы қолданылады.egemen.kz















