» » «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының хаты мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіз ортада өмір сүруі мен тәрбиеленуіне жағдай жасау, отбасындағы тәрбие ахуалын зерделеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Осы бағытта Қармақшы ауданы прокуратурасы, аудандық полиция бөлімі және білім бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен білім алушылардың тұрғылықты мекенжайларына бару жұмыстары ұйымдастырылуда. Кездесулер барысында балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайларына назар аударылып, ата-аналарға бала қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, профилактикалық қолдауды қажет ететін отбасылармен жұмыс жүргізу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне басымдық берілуде.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мектеп, ата-ана және құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталатын болады.

13 қазан 2026 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 207
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30