» » ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Жастық шақ – таңдау мен мүмкіндікке толы кезең. Білім алу, мамандық меңгеру, өмірден өз орнын табу секілді маңызды қадамдармен қатар, адамды түрлі тәуекелден қорғайтын басты ұстаным бар. Ол – заңды білу және өз әрекетіне жауап бере алу. Өйткені бір сәттік қызығушылық немесе ойланбай жасалған қадамның салдары ауыр болуы мүмкін.
Осы ретте Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған түсіндірме кездесуі ұйымдастырылды. «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы шараға аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржұман Пірназаров, аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары Әзім Хамидулла, Даниял Сәду және колледж директорының міндетін атқарушы Әбдікәрім Жұбанышев қатысты.
Жүздесуде жастар арасында өзекті мәселенің бірі – лудоманияға кеңінен тоқталды. Құмар ойынға әуестік алғашында жай ермек болып көрінгенімен, уақыт өте келе адамның оқуына, қарым-қатынасына және қаржылық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін. Осыған орай студенттерге тәуелділіктің белгілері мен сақтану жолдары түсіндірілді.
Қазіргі уақытта интернет кеңістігіндегі қауіп-қатер де ерекше сақтықты талап етеді. Әсіресе оңай ақша табуға уәде беретін жалған ұсыныстар мен алаяқтық хабарламаларға жастардың қырағылығы қажет-ақ. Кездесуде интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, күмәнді ұсыныстарға сенудің салдары және жеке мәліметтерді қорғау қажеттігі жөнінде нақты ақпарат берілді. Құқықбұзушылықтың салдары да назардан тыс қалмады. Заң талаптарын бұзған адамның жауапкершілікке тартылатыны, әркім өз іс-әрекетіне жауап беруге тиіс екені айтылды. Мұндағы мақсат – жазамен қорқыту емес, заңды саналы түрде құрметтеуге үйрету. Себебі құқықтық мәдениет адамға өз құқығы мен міндетін түсініп, қоғамдағы орнын айқындауға мүмкіндік береді.
Жастарға адал еңбек ету, уақытты тиімді пайдалану, күмәнді ұсыныстардан бойды аулақ ұстау және кез-келген шешімді ойланып қабылдау жөнінде кеңестер айтылды.
Еркін пікір алмасу форматында өткен жүздесуде студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, мамандардан жауап алды.
Осындай профилактикалық жұмыстар аудан мектептерінде де жалғасын тауып, жоғары сынып оқушылары арасында құқықтық түсіндіру шаралары өткізілді.
Заң мен тәртіп – қоғамның сыртқы талабы ғана емес, әр адамның ішкі жауапкершілігінен басталатын ұстаным. Ал саналы таңдау жасай білетін жас өз болашағына жауапкершілікпен қарап, қоғамның дамуына да үлес қоса алады.
«ҚТ» ақпарат
29 қыркүйек 2026 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 937
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930