ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бағытындағы жұмыстар мен әскерге шақыру науқанының барысы аясында мәжіліс өтті.
Жиынды Диас Асылбекұлы жүргізіп:
– Бүгінгі мәжілісте арнайы іссапармен Қармақшы ауданына келген Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Исламбек Тынарбекұлы, ауданымызға қош келдіңіз! Алдағы жауапты қызметіңізге табыс тілеймін. Өзіңіз аудандық шақыру пунктінің жұмысымен және оның материалдық-техникалық жағдайымен танысып өттіңіз. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жетілдіру – аудан үшін маңызды міндеттердің бірі. Себебі бұл жұмыстар ауданның жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге, шақыру науқанын сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды облыстық басқармамен бірлесіп, кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз, – деді.
Кездесуде Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Исламбек Төлегенов сөз сөйлеп, аудандық шақыру пунктінің жұмысы мен көрсеткіштерге тоқталды.
Мұнан соң Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Жасұлан Шанкулов әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және шақыру жұмыстарының тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев пен аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрболат Қасымханов сөз сөйлеп, өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Алдағы уақытта аудан бойынша тиісті жұмыстардың белгіленген талаптарға сәйкес жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

















