» » Қызылорда облысында сотталғандардың 81 пайызы түрлі кәсіппен айналысады

Қызылорда облысында сотталғандардың 81 пайызы түрлі кәсіппен айналысады

Қызылорда облысында сотталғандардың 81 пайызы түрлі кәсіппен айналысады
Қызылорда облысы бойынша 600-ден астам жазасын өтеушінің жартысы жұмысқа жарамды.
Қазіргі таңда олардың 81 пайызы түзеу мекемесінде түрлі кәсіппен айналысады. «ЗК-169/5» қатаң режимдегі колониясының тігіншілері жергілікті нарыққа аяқ киім өнімдерін шығарды. Таза былғарыдан тігілген балаларға арналған аяқ-киімдерді жаңа оқу жылына дайындықты бастаған оқушылар алып жатыр. Жалпы түзеу мекемесінде 9 цех бар. Арнайы киімдерден бөлек мұнда күніне 10 мың дана кірпіш және 50 шаршы метр тас төсеніштер өндіріледі. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар тарапынан түрлі кәдесый, шахмат, дойбы, музыкалық аспаптарға деген сұраныс жоғары. Өнімдер зертханада сынамадан өткізіліп, сапасына кепілдік беріледі. Өндіріс ошақтарында орташа еңбекақы 28 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында жалпы сомасы 32 млн теңге пайда түсті.
Жүніс Әбдіқайыров, ҚАЖД басшысының орынбасары:
- 169/5 мекемесі жанында кешкі мектеп есебінен ашылған политехникалық колледждің филиалы бар. 2017-18 жылдары бағдарламаға сәйкес 37 сотталған оқуды бітіріп, диплом алды. Қазіргі таңда 2018-19 жылдары тағы қосымша тігінші мамандығын оқытуға байланысты жоспарға енгізілді
15 шілде 2018 ж. 992 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 939
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 577

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930