Құрылтай
» » АУЫЛДЫҢ ӨРКЕНДЕУІ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

АУЫЛДЫҢ ӨРКЕНДЕУІ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

Аудандағы елді мекендердің әлеуметтікэкономикалық әлеуетін арттыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы «Руханият орталығында» өткен баспасөз брифингінде Ақжар, ІІІ Интернационал және Қармақшы ауылдық округтерінің әкімдері айтып, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Ақжар ауылдық округінде негізгі басымдық ауыл шаруашылығын дамытуға беріліп отыр. Биыл округ бойынша тұрғындардың пайдалануына 35 гектар жерге картоп, бақша және көкөніс өнімдері егілді. Сонымен қатар шаруашылықтар тарапынан 2000 гектар күріш, 1615 гектар жоңышқа, 360 гектар мақсары және 126 гектар жүгері егілді. Бұл ауыл тұрғындарының жерді тиімді пайдаланып, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді. Кәсіпкерлік саласында да оң нәтижелер бар. Қазіргі таңда Ақжар ауылында 72 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, олардың басым бөлігі тұрақты жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың өз кәсібін ашып, оны дамытуына «Ауыл аманаты» жобасы арқылы мүмкіндік жасалуда. Аталған қолдау тетігі ауылдағы кәсіпкерлік белсенділікті арттырып, халықтың табысын көбейтуге бағытталған. Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту бағытында да ауыл әкімі Нұржамал Бектайқызы бірқатар жұмыс атқарылғанын атап өтті. Ораз ахун және Ж.Тұяқбаев көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, алдағы кезеңде тағы төрт көшеге жол құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар елді мекенді газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары қолға алынуда. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары да тұрақты жүргізілуде. Биыл ауыл аумағына 1250 түп ағаш және жеміс-жидек көшеті отырғызылды. Бұл жұмыстар елді мекеннің көркін жақсартып қана қоймай, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Білім беру мен спорт салаларында да тиісті жұмыстар жүргізіліп, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көңіл бөлінуде.
ІІІ Интернационал ауылдық округінде де елді мекеннің әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Брифингте ауыл әкімі Жеткерген Қалымбетов ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және инфрақұрылым салаларындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Кәсіпкерлік бағытта биыл бірқатар жаңа нысан іске қосылуда. Қазіргі таңда ауылда 96 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұр. Бұл ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуға деген белсенділігінің артып келе жатқанын аңғартады.
Ауыл шаруашылығы округ экономикасының негізгі бағытының бірі болып қала береді. Биыл ІІІ Интернационал ауылдық округінде 6059 гектар жерге түрлі ауылшаруашылығы дақылы егілді. Оның ішінде 2645 гектарға күріш, 1107 гектарға жаңа жоңышқа, 1140 гектарға ескі жоңышқа орналастырылды. Сонымен бірге бидай, жүгері, мақсары және арпа дақылдары да егілді. Тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығын дамытуына жағдай жасау мақсатында «Агроаймақ» үшін жер дайындалып, ауыл халқына картоп, көкөніс және бақша өнімдерін егуге мүмкіндік жасалды. Мұндай бастамалар тұрғындардың жерді тиімді пайдалануына және өз қажеттілігін қамтамасыз етуімен қатар, қосымша табыс көзін қалыптастыруына мүмкіндік береді. Елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында да жұмыстар атқарылуда. Ауыл тұрғындары ауызсумен тұрақты қамтамасыз етілуде. Қазіргі таңда 11 көшенің 9-ы асфальтталған. Сонымен қатар электр желілерін жаңғырту жобасына облыстық бюджеттен 369,3 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар басталды. Бұл елді мекендегі электрмен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды жобалардың бірі. Газдандыру мәселесі де кезеңкезеңімен шешілуде. Қазіргі таңда демеушілік қаражат есебінен ауылды газдандыру жобасының жобалықсметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасуы тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал етпек. Ауылдың тазалығы мен көркейту жұмыстарына да тұрақты көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұдан бөлек білім, мәдениет және спорт салаларында да тиісті жұмыстар жалғасуда.
Қармақшы ауылдық округінде тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға басымдық берілген. Брифинг барысында ауыл әкімі Аязбек Есқараев елді мекеннің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттеріне тоқталды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауыл орталығына аудандық бюджет есебінен 2,5 млн теңгеге 4 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бейнебақылау жүйесінің іске қосылуы қоғамдық тәртіпті сақтау мен ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне де ерекше көңіл бөлінуде. Санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар алынып, тиісті жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауда ауылдан бір шақырым қашықтықта орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ретке келтіруде қолға алынды. Инженерлік инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауыл көшелеріндегі жарықтандыру жүйелеріне жөндеу жүргізіліп, 275 жарық бағанасы қалпына келтірілді. Бұл жұмыстар әсіресе кешкі және түнгі уақытта тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, Ақжар, ІІІ Интернационал және Қармақшы ауылдық округтерінде атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – елді мекендердің әлеуметтікэкономикалық дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және ауылдардың инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру. Ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау, жол және электр желілерін жаңарту, газдандыру, абаттандыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Өткен кезеңде атқарылған жұмыстармен қатар, ауыл әкімдері алдағы міндеттерге де тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Алдағы уақытта елді мекендердің инфрақұрылымын одан әрі жақсарту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауылшаруашылығы өндірісін дамыту және абаттандыру жұмыстарын жалғастыру негізгі бағыттардың бірі болып қала бермек. Бұл бастаманың барлығы ауыл тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастырып, елді мекендердің тұрақты дамуына негіз болмақ.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
21 тамыз 2026 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 702
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31