Құрылтай
» » ЕҢБЕКПЕН ТАНЫС, ЕЛМЕН ТАБЫС

ЕҢБЕКПЕН ТАНЫС, ЕЛМЕН ТАБЫС

Қармақшы ауданында жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, туған жерге деген жанашырлығын қалыптастыру мақсатында «Еңбек лагері» ұйымдастырылды. Халықаралық жастар күніне орай өткізілген іс-шараны аудандық жастар ресурстық орталығы «QADAM QARMAQSHY» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп өткізді. Лагерь жұмысына ауданға қарасты кент және ауылдық округтердің жастары қатысып, бірнеше күн бойы еңбек, кәсіпкерлік, құқықтық сауаттылық және ұлттық құндылықтар бағытында түрлі кездесу мен танымдық шараларға қатысты.
Еңбек лагерінің алғашқы бағыты Дауылкөл ауылдық округінде жалғасты. Жастар ауыл әкімі Сабырхан Зайыровпен кездесіп, ауылдың тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан жұмыстар және жастарға арналған мүмкіндіктер туралы ақпарат алды. Кездесу барысында ауылдың әлеуметтікэкономикалық дамуына жастардың да белсенді араласуы маңызды екені айтылып, туған жерге қызмет етудің нақты жолдары сөз болды. Лагерь аясында жас кәсіпкер Перизат Ғалымбекқызымен де кездесу ұйымдастырылды. Ол кәсіпкерлікке өткен жылдың қыркүйек айынан бастап бет бұрып, нан өнімдерін өндіру жобасы бойынша қайтарымсыз грант иеленіп, шағын наубайхана ашқан. Ал осы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында нан өнімдерін өндіру жобасы бойынша төмен пайызбен несие алып, кәсібін одан әрі дамытуға мүмкіндік алған. Жас кәсіпкер жастарға өз кәсібін бастау жолы, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі және кәсіпті дамытудағы тәжірибесі туралы айтып берді. Оның еңбекпен бастап, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану арқылы кәсібін кеңейтуі жастарға нақты мысал бола алды. Кездесу барысында жастар кәсіпкерлікке қызықтырған сұрақтарын қойып, өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.
Еңбек лагері жастардың тек еңбекке деген көзқарасын қалыптастырумен шектелмей, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға да бағытталды. Аудандық прокуратураның прокуроры Әділет Сағымбекұлы жастармен кездесіп, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында лудоманияның алдын алу, құқықбұзушылыққа жол бермеу және заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілікті сезіну және заңды құрметтеу қажеттігі жөнінде маңызды ойлар айтылды.
Жастармен кездескен ауданның бас имамы Нұрболат Рахметуллаев та тағылымды әңгіме өрбітті. Әңгіме барысында ата-ананы құрметтеу, адал еңбек ету, үлкенге ізет көрсету және отбасы құндылығын сақтау мәселелеріне тоқталды. Бұл бағыттағы кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, еңбек пен тәрбиенің өзара байланысын түсінуге мүмкіндік берді.
Бауыржан ҒАЛЫМҰЛЫ

20 тамыз 2026 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 694
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31