» » Жастармен тағылымды кездесу

Жастармен тағылымды кездесу

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне байланысты Жаңажол ауылына Қызылорда қаласынан бір топ жастар мен оқушылар қонақ болып, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты.

Қонақтарға ауылдың көрікті жерлері, егістік алқаптары мен өлкетану музейі көрсетіліп, ауыл тұрғындарының еңбегі мен күнделікті тіршілігі таныстырылды.

Жастар дала қосына барып, ақ дастарханнан түрлі дәмнен ауыз тиіп, ауылдың берекелі тіршілігіне куә болды.
Шаруашылық басшысы Орынбасар Өтепұлы жастарды өзі бастап барып, күріш алқаптары мен күріш ақтау зауытының жұмысымен таныстырды.

Ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, еңбек адамдарының маңдай терін көрген қонақтарымыз ерекше әсер алып, ризашылықтарын білдірді.
Осындай тағылымды кездесулер – жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ауыл еңбегін бағалауға үлкен мүмкіндік береді.
13 тамыз 2026 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 982
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031