Құрылтай
» » Демалыс күндері полиция қызметі күшейтілген режимде ұйымдастырылды

Демалыс күндері полиция қызметі күшейтілген режимде ұйымдастырылды

Демалыс күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды.
Күшейтілген режим барысында полицейлер қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірқатар баптары бойынша 464 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамаудың 20 дерегі анықталды.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берудің 1 дерегі тіркелді.
Ал 442-бап бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша 196 дерек анықталды.
Сонымен бірге 434-1-бап бойынша 10, 434-2-бап бойынша 38 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Бұдан бөлек 200-бап бойынша алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзудың 8 дерегі анықталса, 437-бап бойынша тыныштықты бұзудың 91 дерегі тіркелді.
Ал алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу фактілеріне қатысты 440-бап бойынша 100 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Қызылорда облысы Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
Тәртіп пен қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік.
11 тамыз 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 632
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 092

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31