» » «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында аудан аумағында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның аясында аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің трассалық медициналық-құтқару пункті және жедел медициналық көмек қызметінің мамандары бірлесіп, рейдтер ұйымдастырды.
Рейдте жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік құралдарын қауіпсіз басқару және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытында түсіндірмелер жүргізілді.
Сонымен қатар ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің трассалық медициналық-құтқару пункті мен жедел медициналық көмек қызметінің мамандары жүргізушілерге жолға шығар алдындағы денсаулық жағдайына мән беру, ұзақ сапар кезінде демалыс режимін сақтау, аптап ыстықтың адам ағзасына әсері, алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі жөнінде кеңестер берді. Одан бөлек, жол бойындағы қоғамдық тамақтану орындарында кәсіпкерлер мен тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтауда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жасалды.
21 шілде 2026 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 248
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30