» » «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында аудан аумағында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара аясында аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің трассалық медициналық-құтқару пункті және жедел медициналық көмек қызметінің мамандары бірлесіп рейдтік жұмыстар ұйымдастырды.

Рейд барысында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік құралдарын қауіпсіз басқару және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің трассалық медициналық-құтқару пункті мен жедел медициналық көмек қызметінің мамандары жүргізушілерге жолға шығар алдындағы денсаулық жағдайына мән беру, ұзақ сапар кезінде демалыс режимін сақтау, аптап ыстықтың адам ағзасына әсері, алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі жөнінде кеңестер берді.

Сондай-ақ, жол бойындағы қоғамдық тамақтану орындарында кәсіпкерлер мен тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

18 шілде 2026 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 760
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930