Құрылтай
» » ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!

ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!

Таза ауа, күн жанкүйерлер үшін жүзу жақсы бір демалыс, сонымен қатар денені шынықтыратын тәсіл ретінде қызмет етеді. Күннің ыстығы балалар мен жастарды суға түсiп сергуге мәжбүр етiп отыр.
Біздің тарапымыздан тұрғындарға жасап жатқан үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, шомылу кезiндегi адам шығыны туралы жаңа қайғылы хабарлар әлi де түсiп жатса, оның жартысы кәмелетке толмағандар.
Балалар әрдайым ата-анасының қырағы бақылауымен суда жүзуге тиіс, қайғылы оқиғалар көлдің, каналдың, бассейннің саяз жерінде де болуы мүмкін.
Ата-ана балаларының суға түсу тәртiбiнiң ережелерiн уақытылы үйрету және балаларын су жағаларында қатаң бақылауда ұстау қажет.
Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі суға түсу тәртiбiнiң ережелерiн естерiңiзге салады:
– тыйым салынған жерлерге (шомылмаңыз) суға түспеңiз;
– өтiп бара жатқан қайықтарға жақындауға болмайды;
– қоршау белгiсiнен тыс жүзбеңiз;
– таныс емес орындарда суға сүңгуге болмайды;
– шомылып жүрген балаларды бақылаусыз қалдыруға болмайды;
– су көпiрлерінен, тоғандардан, айлақтардан, қайықтардан секiруге болмайды.
Егер сiз шаршасаңыз, күннiң көзiнде көп болсаңыз, қарныңыз аш болса, қатты шөлдесеңiз, ауырудан жаңа айыққан болсаңыз, арақ-шарап iшсеңiз – суға түспеңiз!
Егер сiздiң сiңiрiңiз тартыла бастаса: – қолдарыңыздың саусақтары тартылғанда
– жылдам әрi күштеп саусақтарды жұдырыққа бүгiңiз, қолдарды жан-жаққа кенет лақтырғандай қимыл жасаңыз және жұдырықты ашыңыз;
– балтыр-аяқ бұлшықтарыңыз тартылғанда
– еңкейiп, сiңiрi тартылған аяқтың табанын ұстап өзiңiзге қарай күштеп тартыңыз;
– жамбас, сан бұлшықтарыңыз тартылғанда аяқты сырт жағынан жiлiншiктiң әр жерiнен ұстаңыз да, тiзе бүгiп, артқа қарай тартыңыз.
Қармақшы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және судан құтқару қызметі аудан тұрғындарына суда болу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Қармақшы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі
19 шілде 2026 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 498
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 987

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031