» » СУҒА ШОМЫЛУДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?

СУҒА ШОМЫЛУДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Санаулы күннен кейін жазғы демалыс маусымы басталады. Бұл кезеңде ересектер мен балалар үшін әсіресе судағы қауіпсіздік мәселесі аса маңызды. Балалар әрдайым ата-анасының қырағы бақылауымен суда жүзуі тиіс. Себебі қайғылы оқиғалар көлдің, каналдың, бассейннің, саяз жерінде де болуы мүмкін.
Ата-ана балаларының суға түсу тәртiбiнiң ережелерiн уақытылы үйрету және балаларын су жағаларында қатаң бақылауда ұстау қажет. Осы орайда, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі суға түсу тәртiбiнiң ережелерiн есте сақтауға шақырады.
Ең бірінші су айдындарының жабдықталмаған және «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілері бар жерлерде шомылуға болмайды. Сондай-ақ масаң күйде суға шомылуға тыйым салынады. Жағажайда балаларды қараусыз қалдыруға, балалардың ересектерсіз суға шомылуына, жүзу шекарасын белгілейтін қалқы белгілерден асып жүзуге, шағын көлемді кемелер мен басқа да жүзу құралдарына қарай жүзуге, жүзуге арналмаған заттармен жүзуге, суға қайық, катер, айлақ, жағажай, табиғи құралымдардан (жартас, құз, қойтас, жақтау, қоршау және басқа да заттар), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге рұқсат етілмейді. Су объектілеріндегі жаппай демалу орындарының жұмыс уақытынан тыс немесе түнде суға түсуге, жалған көмекке шақырып айғайлауға, су айдындарындағы қауіпсіздік белгілерін алып тастауға, бүлдіруге немесе басқа дүние орнатуға болмайды.
Сонымен қатар спортқа бейімделмеген орындарда спортпен айналысуға, оның ішінде спорттық ойындар ойнауға, су айдындарын ластау мен қоқыстау, кір жуу, жанармай құю, көлік құралдарын жуу және жөндеуге, жағада және шешіну орындарында демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға болмайды. Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.
Түптеп келгенде, адамның өмірінен артық құндылық жоқ. Сондықтан да суға түскен кезде қарапайым ережелерді сақтау керек. Сонда ғана тілсіз жаудың алқымынан аман қалуға болады. Қазақтың «Сақтансаң, сақтаймын!» деген аталы сөзінің төркіні де – осы.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
19 мамыр 2025 ж. 267 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930