Конституция
» » Қызылордада шомылу маусымына дайындық күшейтілді

Қызылордада шомылу маусымына дайындық күшейтілді





Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында өңірдегі су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары, шомылу маусымына дайындық барысы және сүңгуір-құтқару қызметінің жұмысы жан-жақты баяндалды.Брифинг барысында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының басшысы Бақтияр Тұрманов салада атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.
- Облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағында 75 қызметкер жұмыс істейді, оның 55-і - сүңгуір мамандар. Сүңгуір-құтқарушылар тәулік бойы үздіксіз қызмет атқарады және кез келген жағдайда жедел әрекет етуге дайын. Басты мақсатымыз су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында алдын алу жұмыстарын күшейту. Осы бағытта түсіндіру шаралары тұрақты жүргізілуде. Шомылу маусымы кезінде белгіленген жағажайларда барлық қажетті жағдайлар жасалып, қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады. Сонымен қатар, қауіпті аймақтарда ескерту белгілері орнатылып, мобильді бақылау бекеттері жұмыс істеуде. Құтқарушылар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, кәсіби дайындықтарын үнемі жетілдіріп келеді. Бұл кез келген жағдайға жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді, - деді Бақтияр Маханбетжанұлы. Спикердің айтуынша, биыл өңірде ресми түрде белгіленген 7 жағажай халық игілігіне қызмет етеді. Бұл орындарда демалушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар қарастырылған.
12 мамыр 2026 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 933

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031