Мәслихаттар сайлауы
» » "Ана мен балаға өмір сыйлайық" қан донорлығы акциясы бастау алды

"Ана мен балаға өмір сыйлайық" қан донорлығы акциясы бастау алды



Облыстық Қан орталығында ана мен бала денсаулығын қолдауға бағытталған «АНА МЕН БАЛАҒА ӨМІР СЫЙЛАЙЫҚ!» атты қан донорлығы акциясы басталды.

Игі шараның мақсаты – қоғам назарын донорлық мәдениетке аудару, азаматтарды қайырымдылыққа үндеп, ана мен бала өмірін сақтауға үлес қосуға шақыру.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста жыл сайын 20 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Ана мен бала өміріне қауіп төнетін шұғыл жағдайларда қан құю қажеттілігі жиі туындайды. Осындай сәттерде донор қаны көптеген аналар мен сәбилердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Акция 10 мамыр – Аналар күнінде бастау алып, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында қала және аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлері қан тапсырып, қайырымдылық шарасына белсенді қатысады деп жоспарлануда.

Аталған игі бастамаға облыс тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз. Себебі әрбір тапсырылған қан – бір адамның өміріне үміт сыйлайды.
11 мамыр 2026 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 338
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 469

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30