» » Қазақстанда тегін дәрілер тізімі жаңарды

Қазақстанда тегін дәрілер тізімі жаңарды

Жаңа өзгерістер амбулаторлық емдеудің тиімділігін арттыруға бағытталған.



Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаторлық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған тізімге өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулер дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ .
Атап айтқанда, бұйрық жобасына клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген 16 түрлі ауру бойынша 23 инновациялық дәрілік препарат енгізілген.
Мәселен, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар балалар үшін Ивабрадин және Сакубитрил/Валсартанның тіркескен комбинациясын енгізу қарастырылған.
Ауыр түрдегі бронх демікпесі бар науқастарға арналған емдеу тізіміне Омализумаб қосылған.
Сондай-ақ ювенильді артритпен ауыратын науқастарға арналған терапия кеңейтіліп, оған Канакинумаб, Тоцилизумаб, Голимумаб және Адалимумаб енгізілген.
Жалпы алғанда, бұйрық жобасына клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген 16 нозология бойынша 23 инновациялық дәрі енгізіліп отыр.
Сонымен қатар қазіргі емдеу стандарттарына сәйкес өзектілігін жоғалтқан бірқатар дәрілік препараттарды тізімнен алып тастау ұсынылған. Бұл амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етудің тиімділігі мен нақтылығын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Министрліктің мәліметінше, бұл өзгерістер Формулярлық комиссияның шешімдері негізінде әзірленіп, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде пациенттер өзекті клиникалық ұсынымдар мен заманауи стандарттарға сай ем ала алады.
Тізімді жаңарту дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін қазіргі клиникалық тәсілдер мен халықаралық тәжірибеге сәйкестендіруге бағытталған.
04 мамыр 2026 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 048
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 649

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031