
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Даласы дарқан, пейілі кең қазақтың ұланғайыр жерін мекендеген ұлттар мен ұлыстардың басты байлығы, таусылмас қазынасы – бірлігі мен ынтымағы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір. Бұл –Қазақстан халқының сарқылмас күш-қуаты мен отаншылдық рухының айқын көрінісі. Біз бәріміз бір ел болып жұмылып, өсіп-өркендеу жолында биік белестерді бағындыра беретінімізге кәміл сенемін»,- деп бұл мейрамның маңыздылығын атап өтті.
Бүгінде бірлік пен ынтымақтың ұйытқысына айналып, 10-нан аса түрлі ұлттар мен ұлыстарға құтты мекен болған Қармақшы жері жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп, кемелденіп келеді. Киелі мекенімізде түрлі этнос өкілдері ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек етуде. Сондықтан киелі Қорқыт атадан бастау алған қасиетті Қармақшы топырағының өркендеуіне үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін!
Қадірменді аудан тұрғындары!
Түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған, тұтастығын сақтаған Қазақстанымыз жасай берсін! Баршаңызға шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға аманшылық пен шаттық тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы одан әрі жалғасып, елімізде татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымағы мен бірлігі арта берсін!