» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды мамырдың мамыражай мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – татулық пен достықтың, ынтымақ пен түсіністіктің символына айналған айрықша мереке.

Ынтымағы жарасып, ырысы артқан елімізде ұлттар мен ұлыстар бір мақсат, ортақ болашаққа ұмтылып, киелі шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтып, ұлттық бірліктің негізін қалауда үлкен рөл атқаруда.

Бүгінде Сыр елі, оның ішінде Қармақшы ауданының халқы да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, бірлік пен ынтымақты ту етіп, берекелі өмір сүріп келеді. Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы аясында ауданымызда түрлі іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылуда.

Қадірлі жерлестер!
Ел болу үшін бірлік, бақ қону үшін татулық керек. Ұрпақтар сабақтастығы үзілмей, өскелең буын осы ұлы құндылықтарды қадірлей білсе, ел ертеңі еңселі болары сөзсіз.

Мәні мен маңызы зор мерекеде әр шаңыраққа амандық, құт-береке, шаттық пен тату тіршілік тілеймін! Тұғыры нық, тәуелсіздігі баянды, бірлігі бекем ел болайық!

Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі
Жандос Еркінбек

01 мамыр 2025 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031