Құрылтай
» » Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы



Құрметті жерлестер!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл – ел бірлігін ұлықтайтын, тұрақтылық пен келісімді дәріптейтін айрықша мейрам.
Бірлік – халқымыздың тұтастығы мен ырыс-ынтымағының, үйлесімді қарым-қатынас пен татулықтың көрінісі. Ел болудың бірден-бір алғышарты.
Түсіністік пен бауырмалдықты, бір-біріне деген құрметті бәрінен биік қойған түрлі этнос өкілдері кең байтақ жерімізде тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Бұл – мемлекетіміз үшін айрықша мәні бар мейрам. Біз жұрт болып жұмыла білсек, кез келген сынақты еңсеріп, биік белестерді бағындырамыз. Ұлтымыздың арман-мұраты – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз» деген болатын.
Өткен жылы 1 мамырда Президентіміздің қоғамдық келісім инфрақұрылымын кеңейту тапсырмасына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Достық үйінің» жаңа ғимаратының іргетасын қалаған едік. Жыл басында жаңа ғимарат салтанатты түрде ашылды.
«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының демеушілігімен салынған «Достық үйі» халқымыздың тұтастығы мен ырыс-ынтымағының үйлесімін сақтауға қызмет ететін қоғамдық келісімнің құтты мекеніне айналды.
Бүгінде Сыр өңірі – 30-дан астам этнос өкілдерінің киелі шаңырағы, 11 этномәдени бірлестік мүшелері аймақтағы қоғамдық, саяси іс-шараларға белсенді қатысады. Қызылорданы мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды.
Бірлік мерекесінде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін!
Егемен еліміздің іргесі берік, шаңырағы биік болғай!

01 мамыр 2026 ж. 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31