Топ-баннер
» » ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

Өткен аптада Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс за лында аудандық мәслихаттың VIII шақырылымдағы кезектен тыс 42-сес сиясы өтті. Маңызды жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ш.Сыдықов, кірістер басқармасының өкілдері, аудандық дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, бірінші мәселе – аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет ту ралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу болды. Ұсынылған түзетулер алдағы үш жылдық кезеңге арналған қаржылық жоспарды нақтылап, басым бағыттар бойын ша қаражатты тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Депутаттар бюджет параметрлерін талқылай отырып, қаражаттың әлеуметтік салаға, инфрақұрылым мен елді мекендерге бағытталуына айрықша назар аударды.
Екінші мәселе – аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 23 маусымдағы №53 «Қармақшы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы болды. Бұл өзгеріс қолданыстағы заңнамалар мен қаржы-экономикалық жағдайларға сәй кестендіру мақсатында ұсынылды.
Жиын барысында депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікір айтылып, өзекті мәселелер бойынша нақты сауалдар қойылды. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов қорытындылап, қабылданған ше шімдердің аудан дамуына оң ықпал ететініне сенім білдірді.
Қармақшы аудандық мәслихаты
20 ақпан 2026 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 471
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728