Теміржол – қауіпті аймақ
ЖОСАЛЫ СТАНСАСЫ – ҚАЛАНЫҢ ХАЛЫҚ ТЫҒЫЗ ОРНАЛАСҚАН ОРТАЛЫҚ БӨЛІГІНДЕ. ЖҮК ҚҰРАМАЛАРЫ МЕН ЖОЛАУШЫ ПОЙЫЗДАРЫНЫҢ ҮЗДІКСІЗ ҚОЗҒАЛЫСЫ, КЕЛІМДІ-КЕТІМДІ ЖОЛАУШЫНЫҢ КӨПТІГІНЕН БҰЛ ЖЕРДІҢ ЖАЙБАРАҚАТ МЕКЕН ЕМЕСТІГІН АҢҒАРАСЫЗ.
Теміржол көлік объектісінде қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, балаларды қараусыз қалдырмауды ескерту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Жосалы стансасындағы желілік полиция бөлімшесі қызметкерлері үнемі көлік объектісіне жақын орналасқан оқу орындарында, көлік объектілерінде түсіндірме жұмысын жүргізіп отырады. Онда кәмелетке толмағандарға, теміржолдың аса қауіпті аймақ екендігі, теміржолға жақын тұрған және үйіне қайтып өтіп бара жатқан жасөспірім бірінші кезекте өзіне қауіп төндіретіндігі туралы түсіндіріледі. Өзінің абайсыздығынан, ойынға беріле отырып, жасөспірімдер өтіп бара жатқан пойыздың астына түсіп кетуі мүмкін. Себебі теміржол арқылы белгіленбеген жерлер арқылы өтуінен (тұрған пойыздың астынан, алдынан, артынан өтуі) теміржол қоршауының ішінде жүруінен, теміржол арқылы өткенде құлақтарына құлаққап (наушник) тағып жүруінен, пойыздардың алдынан жүгіріп өтуінен, рельстерге бөгде заттарды қою, өтіп бара жатқан пойыздардың терезелеріне тас лақтыру сияқты әрекеттердің соңы төтенше жағдайларға әкеліп соғады.
Сонымен қатар, теміржол арқылы пойыз алдынан жүгіріп өту салдарынан жедел тежегішті іске қосу өтіп бара жатқан пойыздың тоқтап қалуына әкеп соғады. Төтенше жағдай мен қайғылы оқиғалардың кішкентай ғана нәрседен туындайтыны өмірде белгілі. Осыған қарамастан Жосалы стансасындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аймағында 2025 жылдың 12 айында теміржолға адамдардың шығуы бойынша 3 дерек, үй жануарларының теміржолға шығуы салдары бойынша 7 дерек тіркелді. Сонымен қатар теміржолдан белгіленбеген жерден өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабының 5 бөлігіне сай (теміржол арқылы белгіленбеген жерден өту) – 89 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабының 1 бөлігіне сай (теміржол жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін) – 7 азаматқа әкімшілік шара көрілді.
Жосалы ст.ЖПб қызметкерлері кент тұрғындары мен қонақтарын теміржол аймағы қауіпті екенін ескертіп, теміржолда сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Жандос АЙТЖАНОВ,
Жосалы ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны
















