» » Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары


«Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің» «Спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұжым арасында діни сауаттылық деңгейін көтеру, радикалды діни ағымдардың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру және экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы профилактикалық шараларды жандандыру болды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының басты бағыттары, дәстүрлі діннің қоғам өміріндегі рөлі мен мәні, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері мен олардан қорғану жолдары жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ел ішіндегі татулық пен бірлікті сақтау жолында әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды екені атап өтілді.

Аталған кездесуді Қармақшы ауданының бас имамы Рахметуллаев Нұрболат Ғабитұлы жүргізіп, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға төндіретін қатері туралы нақты деректер мен мысалдар арқылы түсіндірді. Сонымен бірге, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, діни мәселелерде дұрыс әрі сауатты түсінік қалыптастырудың маңыздылығын жеткізді.

09 ақпан 2026 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

05 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 247
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 791

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930