Топ-баннер
» » Бұлыңғыр алқап

Бұлыңғыр алқап




Баяғы өткен заманда бір алқапта бұлдыр тұман өмір сүріпті. Ол жас жолаушыларды тәтті иісімен өзіне шақырып, «жақсы көңіл-күй сыйлап, арманыңа тез жеткіземін» деп сыбырлайды екен. Бірақ алқаптан өтетін әр балаға «Ақ Шырақ» деген кішкентай шам жол көрсетіп,ол алқапқа бұрылмауға кеңес беріп жүреді . Шамның жарығы әлсіз көрінгенімен, шындықты айқын көрсететін.
Бір күні Айбол мен Диас алқапқа кіріп кетеді. Бұлдыр тұман қуанып кетіп , оларға батырлық, даңқ, жеңіл қуаныш уәде етеді. Айбол тұманға жақындай бергенде, Ақ Шырақ дірілдеп, жарығы азайып қалады. «Бұл жол қысқа көрінер, бірақ бұл жолмен жүрсеңдер түбі терең қараңғылыққа тап боласыңдар.Ол қараңғылықтан шығу өте қиын», – дейді ол. Диас тыңдап, артқа шегінеді. Айбол болса бір қадам жасайды да, көз алды тұманданып, жолын жоғалтады.
Уақыт өте Айбол шаршап, үміті өше бастайды. Сол сәтте Диас Ақ Шырақты жоғары көтеріп, тұманды жарып өтеді. Тұман сейіліп, Айбол жолын табады. Олар алқаптан бірге шығады.
Содан бері алқапта бір жазу пайда болыпты: «Шынайы күш – қашу емес, таңдау. Жарықты таңдасаң, өз жолыңды табасың». Алқаптан өткен жолаушылар сол жазуды оқып, ол жолмен жүрмеуге тырысады екен. Өйткені ол жаққа барғандар қайтадан оралмайды.


Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы,
Ақжар ауылы,
№ 28 орта мектебінің
9 «а»сынып оқушысы
Мусабек Айзере
25 қаңтар 2026 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 446
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728