» » Көгілдір тұман және алдамшы гүл

Көгілдір тұман және алдамшы гүл

Ерте ерте, ертеде, биік таулардың етегінде Нұрлы аңғар атты мекен болыпты. Ондағы халық еңбекқор, көңілді және бақытты өмір сүріпті. Әркімнің өз сүйікті ісі, достары мен армандары бар екен.
Бірде аңғардың шетіне ерекше бір Кезбе келіпті. Оның қолында жылтыраған, хош иісі мұрын жаратын, бірақ түсі суық көгілдір гүлдері бар екен. Ол ауыл жастарына келіп:
– Сендер күні бойы жұмыс істеп шаршайсыңдар. Мына гүлдің иісін иіскесеңдер, барлық қиындықты ұмытасыңдар, – деп азғыра бастайды.
Кейбір достар қызық көріп, оны байқап көреді. Бірақ уақыт өте келе «сиқырдың» соңы қайғыға ұласты. Олардың көздеріндегі от сөніп, бойындағы күш-қуаты сарқыла бастады. Бұрынғы сүйікті істері қызықсыз болып көрінді. Ең қорқыныштысы – олар бұл «сиқырсыз» өмір сүре алмайтын тұтқынға айналды. Олардың әлемі қараңғы тұманға айналды.
Ауылдың ең жасы үлкен, дана ақсақалы мұны көріп, халықты жинайды. Ол:
– Бұл Кезбе сендерге бақыт емес, «түрме» алып келді. Бұл гүлдер сендердің ерік-жігерлеріңді ұрлап, бастарынды көгілдір тұманмен байлап тастайды. Шын бақыт – еңбекте, шынайы күлкіде және таза ауада. Тұманға кірген адам өз жолын жоғалтады, – дейді.
Ауыл тұрғындары бірігіп, Кезбені қуып шығып, әлгі гүлдерді өртеп жібереді. Ал «тұманның» әсеріне түскен жастарға ұзақ уақыт емделуге, қайтадан өмірдің мәнін табуға тура келеді.Содан кейін аңғар халық тек салауатты өмір салтын ұстануды серік етіпті.

Зарина ЕГИЗБАЕВА,
№273 орта мектебінің
9 А сынып оқушысы

25 қаңтар 2026 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930