» » ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚОҒАМ ЖАРАСЫ

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚОҒАМ ЖАРАСЫ

Бүгінгі таңда мәселенің түп-тамырын табу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептерін анықтау маңызды екені күн сайын айтылуда. Бұл тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, аталмыш мәселеге әлеуметтанушыларды, сарапшыларды, психологтарды және мемлекеттік органдарды тарту қажет.
Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық қаржылық қиындықтармен, ішімдікке әуестікпен және нашақорлықпен, әйелдің материалдық жағдайымен тікелей байланысты.
Отбасы аясында жасалатын құқықбұзушылықтардың құқықтық және әлеуметтік аспектілерін талдау кезінде тұрмыстық қақтығыстар саласындағы негізгі қиындық пен қарсылық жәбірленушінің өз жағдайын ауырлатудан қорқып, зорлық көрсеткен адам жөнінде айтқысы келмеуі деген қорытындыға келуде. Көбінесе олар өздері үшін қорқып, үнсіз қалады.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу үшін 2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу және тергеу тетігін көздейтін нормалар жазылған.
Сонымен қатар, заңнаманың соңғы өзгерістеріне сәйкес, полиция тұрмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеудің мәлімдемелік сипатына емес, анықтау сипатына көшті. Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталды, әкімшілік және тұрмыстық зорлықзомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдар «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 73-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болған кезде олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, бұл үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Кейбір елдерде зорлық көрсетушілерге олардың мінез-құлқын түсінуге, қайта зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектесетін тиісті бағдарламалар бар. Мұндай елдер мемлекеттік қаржыландыру шеңберінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін коммерциялық емес ұйымдарға қаржылық қолдау, заңгерлік көмек, кеңес беру және баспана ұсынуда. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары әйелдер мен балаларға арналған мамандандырылған дағдарыс орталықтарына жүгіне алады. Онда оларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіледі.
Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлыққа тап болса, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласып, көмек сұрай аласыз:
Сенім телефоны: 111, Полиция басқармасы және бөлімдері – 102, Дағдарыс орталықтарының байланыс нөмірлері: «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қоры: 8-777-340-87-34, 8-707-159-35-51 «Жан» дағдарыс орталығы, 8-800-080- 77-71 «Ана үйі» қоғамдық қоры.
Қармақшы ауданы полиция бөлімі
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы
25 қаңтар 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 314
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031