Жемқорлықсыз болашақ: Жыл бойы атқарылған жұмыстың нақты нәтижелері
Цифрлық технологиялардың жемқорлықты азайтудағы басты артықшылықтары - ашықтық. Елімізде электронды үкімет (eGov) жүйесінің енгізілуі арқылы азаматтар мен бизнес өкілдері мемлекеттік қызметтерді делдалсыз, жылдам әрі ашық ала алады. Бұл жүйе жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Азаматтар eGov порталдары мен мобильді қосымшалар арқылы шағымдарын немесе ұсыныстарын тікелей беруге мүмкіндік алып мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруда.
Архив саласы да цифрлық жүйеге көшуден қалыс қалған жоқ. Республикамыздың барлық өңірлері бойынша 2021 жылы енгізілген «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі (E-Архив АЖ) толығымен жұмыс жасап әрі қарай жетілдірілуде. Бұл жүйе арқылы мекемелер құжаттарды электрондық форматта мемлекеттік архивке тапсырады жәнеазаматтарға архивтік анықтамалар беру қызметін жылдам көрсетуге мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері «Қармақшы аудандық архиві» филиалында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» қызметі арқылы 1236сұраныс түсіп барлығы мерзімінде жауап берілді. Ең бастысы – осы қызметтердің барлығы "байланыссыз" әдіспен, яғни «Е-Архив» ақпараттық жүйесі арқылыкөрсетілді.
Ауданда бұл ақпараттық жүйеге әкім аппараты, аудандық мәслихат, аудандық білім бөлімі, Қармақшы ауданы әкімдігіне қарасты кент әкімдері, бөлімдер және барлық ауылдық округ әкімдіктері.
Жемқорлықпен күресте технологиялар қаншалықты маңызды болса, азаматтардың цифрлық сауаттылығы да соншалықты қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында да айтқан.Осы мақсатта «Қармақшы аудандық архиві» филиалы тарапынан ведомостволық архив қызметкерлеріне семинарлар, мектеп оқушыларына және колледж студенттеріне оқулар өткізіледі.
Қазіргі цифрлық дәуірде технологиялардың жедел дамуы қоғамдағы ашықтық пен әділдікті нығайтуға кең мүмкіндік беріп отыр. Электронды қызметтер мен автоматтандырылған жүйелер адам факторын азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. Алайда бұл үдерістің табысты болуы тек техникалық шешімдерге ғана емес, әрбір азаматтың саналы таңдауы мен жеке жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адалдықты өмірлік қағида еткен кезде ғана қалыптасады.
Аяғанов Нұржан Ғазизбекұлы
«Қармақшы аудандық архиві» филиалының архивисті













