» » Шетелге құжат апарасыз ба?

Шетелге құжат апарасыз ба?

Бір мөр бүкіл жолды ашуы мүмкін.
Көп азамат шетелге оқуға, жұмысқа немесе емделуге аттанғанда бір мәселеге жиі тап болады — құжаттың өзге елде жарамды болуы. Қазақстанда берілген куәлік, диплом немесе анықтама басқа мемлекетте бірден қабылданбайды. Осындайда халықаралық талапқа сәйкес арнайы растау мөрі қойылады.
Апостиль-құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ  осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
Апостиль-заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты  толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. «Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады.
Бұл мөр құжаттың түпнұсқа екенін дәлелдеп, шетелдік мекемелердің қосымша тексеріссіз қабылдауына мүмкіндік береді. Рәсімдеу Қазақстанда онлайн және ХҚКО арқылы жасалады, мерзімі әдетте бірнеше күн. Ал егер құжат Конвенцияға кірмейтін елге бағытталса, онда қосымша консулдық растаудан өту қажет. Қысқасы, дұрыс рәсімделген мөр – шетелде оқу, жұмыс істеу, отбасы немесе виза мәселелерін шешудегі негізгі қадамдардың бірі.
Р.Бисенова,  
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы 
27 қараша 2025 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 075
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031