Құрылтай
» » ДЕНДЕГЕН ДЕРТТІҢ ЕМІ – БІРЛІК

ДЕНДЕГЕН ДЕРТТІҢ ЕМІ – БІРЛІК

Сыбайлас жемқорлық – өз мүддесінде мемлекеттік функцияларды пайдалану. Олар қоғамның, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүддесіне қайшы келеді.
Бұл дерт дүние жүзін алаңдатқаны рас. Нағыз экономикалық гүлденуге сыбайлас жемқорлық құбылыстарын азайтқан мемлекеттер ғана қол жеткізеді. Себебі, ол қоғамның барлық салаларына, атап айтқанда экономика, әлеуметтік сала, саясатқа әсерін тигізеді. Оның теріс салдары қоғамның ілгері әрі қарқынды дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қауіп төндіреді.
Сол себепті Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің жеті басымды бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен тайсалмас және аяусыз күресті атады. Өйткені, сыбайлас жемқорлықты жеңу құқықтық мемлекетті құрудың жалпы мойындалған шарты болып табылады.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін заңнамалық база құрылған. Құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа азаматтық қоғамның барлық институттарының жігерін жұмылдырып қана тиімді қарсы тұру керек. Тек сонда ғана біз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру ұлттық идеясын жүзеге асыра аламыз.
А.Тәнкеева,
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маман бас қазынашысы 
26 қараша 2025 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31