» » Сыбайлас жемқорлық – індет, жою міндет

Сыбайлас жемқорлық – індет, жою міндет

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық дегеніміз – бұл заңдарды айналып өту арқылы өз мүддесін де материалдық және заңдық артықшылықтарды алу, «өзінің» адамдары есебінен жеке мәселелерін шешу.
Сыбайлас жемқорлық дүние жүзінің барлық елдерінде теріс құбылыс ретінде таныс. Нағыз экономикалық гүлденуге сыбайлас жемқорлық құбылыстарын азайтқан мемлекеттер ғана қол жеткізетіні де белгілі. Себебі, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономика, әлеуметтік сала, саясатқа әсерін тигізеді, ал осы құбылыстан туындайтын оның теріс салдары қоғамның ілгері әрі қарқынды дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп төндіреді.
Сыбайлас жемқорлық – бұл тек өз мүддесінде мемлекеттік функцияларды пайдалану, олар, әдетте, қоғамның, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келеді. Ең бастысы – мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуі, криминалды құрылымдар позициясының күшеюі, халықаралық лаңкестік және экстремизм секілді сыбайлас жемқорлықтың даусыз теріс салдарының орын алуы.
Сыбайлас жемқорлық әрқашан да мемлекет модернизациялау сатысында болған кезеңінде жоғары болады. Қазақстан бүгінгі таңда жай модернизациялауды ғана емес, қоғамдық, мемлекеттік және экономикалық қалыптарының түпкілікті өзгеруін басынан кешіп жатыр. Қазақстандық қоғамда осы кезде болып жатқан қалыптасқан жас тәуелсіз мемлекеттің тұрақтануына тән процестер коррупциялық қылмыстарға қарсы тұруды күшейтуді қажетті және өзекті етеді. Дүниежүзілік тәжірибе сыбайлас жемқорлық өтпелі кезеңдегі елдердің шарасыз атрибуты екендігін көрсетеді.
Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін заңнамалық база құрылған. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту шаралары туралы» заңдар, сондай-ақ көлеңкелі экономика көлемін кішірейтуге, экономика саласында құқық бұзушылықтармен күреске бағытталған бірқатар бағдарламалар т.б. бар.
06 қазан 2022 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031