» » Жарқын болашақ - жемқорлықсыз болуы керек

Жарқын болашақ - жемқорлықсыз болуы керек


Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдерді қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттер мен халықтарға тән және терең ғасырлық тамыры бар қоғам дерті болып отыр.

Біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз, экономикалық реформалар мен дағдарыс кезеңі, трансформация уақыты. Зерттеулерге сәйкес, жемқорлық - теріс құбылыс. Бұл қоғамның негіздерін бұзады, дамуға қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімділіктің төмендеуіне ықпал етеді және қоғамның экономикасы мен моралын бұзады. Сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі, ол мемлекеттің экономикалық саласына зиян тигізіп, елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл-ауқатын төмендетеді. Бұған қоса, мұның бәрі халықтың үкіметке сенімін жоғалтуына қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу керек. Мемлекетте идеологиялық және жаппай саяси шараларды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік билік органдарындағы көлеңкелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшейтуден тұрады. Заң алдындағы жауапкершіліктің тең дәрежесін қамтамасыз ету маңызды.
Г.Өмірзақова,
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасы
басшысының орынбасары
08 қыркүйек 2022 ж. 983 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 782
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930