» » Жемқорлықпен күрес - ортақ міндет

Жемқорлықпен күрес - ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Экономикамыз дамып өскен сайын оның да қадамы көбеймесе азаймақ емес. Жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан мемлекет меншігіне қол сұғу жең ұшынан жалғасып пайда табу сияқты жағымсыз қылықтар өршіп тұрғаны мәлім. Мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлық психологияға бейім болуы моральдық - этикалық санасының болуына байланысты. Өкінішке орай халықтың ортасында кәсіпкер не қарапайым азамат болсын, заңды тұрғы да шешетін мәселесін заңды тұрғыдан шешпей, жемқорлықпен ұштасқан жолмен шешуге жағдай жасайтын қарым-қатынастар бар екені ақиқат. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Тәнкеева Анар Әскербекқызы,
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасы
төлемдерді алдын-ала бақылау және өткізу тобының бас маман-бас қазынашысы
25 тамыз 2021 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031