» » СУДЬЯНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

СУДЬЯНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

Тәуелсіздік жылдары еліміз өзін әлемдік қоғамдастықта зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде танытып, халықтың экономикалық әл-ауқатын арттырып, мықты билік жүйесін құра білді. Осы даму кезінде мемлекеттік сот жүйесі де өзгерді. Әділ сот төрелігіне қол жеткізу үшін ең алдымен судьялық әдеп қағидаларын сақтау қажеттігі айқындалады.
Заң үстемдігін орнатудың кепілі саналатын судьялардың парасат-пайымы, кісілік келбетіне қойылатын талап та жоғары. Өйткені судьяның білім мен кәсіби шеберлігі ғана емес, қоғамда өзін-өзі ұстауына қарап та азаматтардың сот жүйесіне деген көзқарасы қалыптасады. Сондықтан да судья болуды мақсат еткен азаматтар өзінің тәуліктің 24 сағатында да көпшілік бақылауында жүретінін, кез келген теріс әрекеті бүкіл сот корпусының беделін төмендетуге ықпал ететінін естен шығармауы тиіс.
Еліміздегі судьялар корпусы сот төрелігін іске асыруда және одан тыс уақытта жалпыға бірдей әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндеттелген.
Осы негізде 2016 жылы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІV Съезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Заңына негізделе отырып Судьялар Әдебі кодексі қабылданды. Осыған орай еліміз өз тәуелсіздігін алып, отандық соттың негізі қаланған кезден бастап судьялардың әдебіне қатысты талаптар шегін белгілеп, нақтылау керектігі ешқашан күн тәртібінен түскен емес.
Судьялар үшін кәсіби құқықтық мәдениеттің маңызы ерекше, бұл – заңдық кәсібилік пен кәсіби әдептілікті ұштастыратын қасиет. Істерді қарау кезінде заңдарды бұлжытпай сақтау мен сот процесін жүргізу мәдениеті өзара тығыз байланысты.
Судьялар өз қызметін атқару барысында жоғары жауапкершілікті сезіне отырып, тәуелсіз, сот істерін бұрмаламай, қайсыбір тарапқа жәрдемдеспей, істерді қарау барысында таныс-тамырлыққа жол бермеуі тиіс. Себебі «Тура биде туған жоқ» деген аталы сөз әр судьяның жадында мәңгілік жаңғырып тұруы қажет.
С.ҚОЖАҚОВ,
аудандық соттың судьясы
03 қараша 2025 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 125

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930