» » Өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Биылғы жылдың 20 қазаны мен 19 қарашасы аралығында Қызылорда стансасы КПБ-нің қарасты Жосалы стансасы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасы бұзушылықтарын анықтау мен жолын кесу, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын болдырмау, сондай-ақ экологиялық қылмыстардың алдын алу және ашу болып табылады.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері вокзал мен стансаларда, жолаушылар пойыздарында және әуежай аумағында тексеру жұмыстарын жүргізуде. Негізгі назар – аңшылық атыс қаруы мен оқ-дәрілердің, суық қарулардың сақталуына және алып жүруіне, сондай-ақ аң, балық аулау, ағаш кесу және табиғатты пайдалану түрлеріне қатысты рұқсат құжаттарының бар-жоғына аударылуда.
Сонымен қатар биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерін заңсыз тасымалдау деректерін анықтау мен жолын кесу бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – табиғатты аялау, заңсыз аңшылық пен браконьерлікке жол бермеу, азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Жосалы ст.КПб
26 қазан 2025 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30