» » Сот жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдары

Сот жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдары


Қазақстан Республикасының сот жүйесі әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ететін мемлекеттік институт ретінде қоғам сенімінің негізгі тірегі болып табылады. Дегенмен, сот жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдері құқықтық мемлекеттің дамуына кедергі келтіруі және азаматтардың сот төрелігіне деген сенімін төмендетуі мүмкін.
Осы орайда, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және азайту сот жүйесінің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
Сот процесстерінің ашықтығын қамтамасыз ету арқылы қоғамның сот қызметіне сенімін арттыруға болады. Қоғамдық бақылау мен медианың сот жұмысына деген қызығушылығы жемқорлыққа жол бермеудің тиімді тетігі болыптабылады. Сонымен қатар, сот шешімдері мен сот практикасы туралы ақпараттың қолжетімділігі заңның біркелкі қолданылуына ықпал етеді.
Сот қызметкерлерінің іріктелуі жоғары кәсіби және моральдық талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін үнемі арттыру, олардың қызметіне объективті және әділ баға беру жемқорлыққа қарсы күрестің негізі болып табылады.
Сот қызметкерлері үшін этикалық кодекстерді енгізу және олардың сақталуын қадағалау сот жүйесінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді. Әдептілік пен адалдық сот төрелігінің негізгі қағидалары болып табылады.
Құжат айналымы мен сот процестерін цифрландыру, электрондық жүйелерді енгізу сот қызметіндегі адами фактордың ықпалын азайтып, жемқорлықтың алдын алады. Бұл соттың ашықтығын арттыруға және қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық негізді нығайту, сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы органдар мен бақылау механизмдерін құру – жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің тиімді жолы.
Сот жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдерін алдын алу – құқықтық мемлекеттің басты мақсаты. Ашықтықты қамтамасыз ету, кәсіби және этикалық талаптарды күшейту, цифрландыру және заңнаманы жетілдіру арқылы сот төрелігінің әділдігі мен сенімділігін арттыруға болады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуде осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде және қоғам алдындағы жауапкершілігін терең түсінеді.
Байқоңыр қалалық сотының аға сот приставы
12 қыркүйек 2025 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930