» » "Сыр жастары" бағдарламасына құжат қабылдау басталды

"Сыр жастары" бағдарламасына құжат қабылдау басталды




Қызылордада «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Бағдарламаға қатысушылар бүгіннен бастап өтініш пен құжаттарын электронды түрде kezekte.kz сайтына тіркеп, «Жұмыс істейтін жастарға арналған «SyrJastary» жеңілдетілген ипотекалық несие беру» сервисінде жүзеге асыра алады. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов мәлімдеді.
«Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен Қызылорда облысының жастары үшін жеңілдетілген ипотекалық несие беруге бағытталған «Сыр жастары» бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламаның жалпы құны 1 млрд 700 миллион теңге, оның 1 млрд 200 млн теңгесі облыстық бюджеттен бюджеттік несие ретінде бөлінсе, 500 млн теңге «Отбасы банкі» арқылы қарастырылып отыр. Былтыр бұл бағдарлама аясында 100 жас баспаналы болды. Бағдарламаға ұсыным беру 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады, бүгін басталған науқан 24 қыркүйек күні аяқталады. Одан кейін, жиналған балл саны бойынша әр санат бойынша ең көп балл жинаған қатысушылар іріктеледі, оларға электронды жолдама беріледі. Жолдаманы алған жастар ары қарай «Отбасы банкінде» төлем қабілеттілігін растайды, содан кейін келісім-шарт рәсімделіп, үй табысталатын болады. Бағдарлама аясында табысталатын үйлер қаламыздың Сол жағалауында орналасқан, жалпы көлемі 49 және 66 шаршы метрден кем емес 2-3 бөлмелі пәтерлер болады деп күтілуде», - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, бағдарлама бойынша сұрақтар болса, басқарманың азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөліміне 60-53-23 номері бойынша хабарласуға болады. Сонымен бірге, облыс, қала, аудандық жастар ресурстық орталықтарында «Сыр жастары» бағдарламасы бойынша кеңес беріп, құжат ұсынуға көмек беріледі. Жастардың құжат ұсынуға компьютері, интернеті болмаса, жастар орталықтарына барып, көмек алуға болады.
10 қыркүйек 2025 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 645
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031