» » «Сыр елі жастары»: Жаңа ипотекалық бағдарламаға кімдер қатыса алады?

«Сыр елі жастары»: Жаңа ипотекалық бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың маңызды бір тармағы. Аймағымызда жастар үшін атқарылып жатқан ірі жобалар мен бағдарламалар – жарқын болашағымыз үшін жасалып жатқан игілік. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жас отбасыларға қолдау көрсету, жұмыспен қамту, сапалы білім мәселесі жыл сайын мемлекет назарынан тыс қалған емес.
Желтоқсан айында өткен «Жасампаз шақ – жастық шақ» атты облыстық  жастар форумында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта атқарылған игілікті шаралардың барлығында өңір жастарының өзіндік үлесі барын айтқан болатын. Аймақ басшысы осыған дейін жинақталған ой-пікір, ұсыныстарды саралап, сала жетекшілері мен қала, аудан әкімдеріне арнайы тапсырмалар берді.
Форумда жастардың өз қабілетін толық жүзеге асыруы үшін әлеуметтік-экономикалық тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында аймақ басшысы көтерген он нақты бастаманың бірі – облыс жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы.
– Жас отбасылардың баспаналы болып, қоғамда әлеуметтенуі – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Сондықтан облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетұлы мен Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Өмірбекұлына тиісті салалық басқармалармен бірлесіп, «Сыр елі жастары» облыс жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасын қабылдау бойынша бір ай мерзімде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын, – деген еді Н.Нәлібаев.
Ал өткен аптада аймақ басшысының осы тапсырмасы аясында облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясында «Сыр елі жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасының алдын ала талқылауы өтті. Облыстық мәслихат депутаты Гүлнара Есқалиеваның төрағалығымен өткен комиссия отырысында жастарға арналған бағдарламаның ережесі мен талаптары таныстырылды.
Әзірге белгілі болғандай, бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы облыс жастары қатыса алады. Жеңілдетілген несие 19 жылға 5% үстемемен «Отбасы банк» арқылы беріледі, қатысушының банкте үйдің бағасының 10% құрайтын салымы болса болғаны.
Бағдарламаға білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика саласының мамандары, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, ғылыми қызметкерлер, ұлттық холдингтердің жергілікті филиалдарының, екінші деңгейлі банк қызметкерлері, құрылыс, қоғамдық тамақтану және басқа да қызмет көрсету саласының қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлер қатыса алады. Жолдама беру балдық жүйемен жүзеге асырылады.
Мұнда бағдарламаға қатысу үдерісінде адами фактор болмайды. Жолдама беру және қатысушыларды бағалау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы электрондық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Биыл бағдарлама аясында 100-ден астам жасты қамту жоспарланған.
Өңірімізде тұрғын үй кезегінде тұрған 7,5 мыңға жуық жастар бар екенін ескерсек, алдағы уақытта бағдарлама арқылы берілетін үйлер жас отбасыларға айтарлықтай қолдау болмақ. Айта кетерлігі, бағдарлама әлі бекітілген жоқ. Мәслихаттың алдын ала талқылауы кезінде айтылған ұсыныстар ескеріліп, бағдарлама жобасы бірлескен отырыста қаралып, келесі облыстық мәслихат сессиясына шығарылатын болады.
«СБ» ақпарат
10 қаңтар 2023 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031