» » Елімізде инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылады

Елімізде инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетті инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп қайта атауды ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында айтты, деп жазады Egemen.kz.



Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі күрделі ахуалда елге инвестиция тарту – кезек күттірмейтін мәселе.
«Бізге жаңа ұстаным керек. Қалай болса да, инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-министрге жүктеледі», деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент еліміздегі мекемелердің бірде-бірінің атауында «инвестиция» деген сөздің жоқтығына назар аударды.
«Инвестиция жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз орнын таппай отыр. Сондықтан Олжас Бектенов 10 күн ішінде нақты ұсыныс айтуы қажет», деп тапсырды Президент.
Сонымен қатар, Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты жоспарды қысқа мерзім ішінде әзірлеу міндеттелді.
08 қыркүйек 2025 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930