» » 2026 жылы қазақстандықтар жиі төлейтін айыппұлдар көлемі өседі

2026 жылы қазақстандықтар жиі төлейтін айыппұлдар көлемі өседі




2026 жылы Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің мөлшері көтеріледі, ал бұл айыппұлдардың көлеміне тікелей әсер етеді. Осылайша, келер жылы жиі болатын құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлтардың көлемі өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын жариялады. Құжат үкіметтің мақұлдауынан өтіп, Парламентке жолданды. Онда ең төменгі жалақы, зейнетақы, күнкөріс минимумы және айлық есептік көрсеткіш сияқты негізгі әлеуметтік көрсеткіштер бар. Бұл құжат әзірге жоба күйінде болғанымен, әдетте бюджет түпкілікті қабылданғанда ондағы сандар сол күйінде сақталады.
Атап айтқанда, айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 2026 жылы 4 325 теңге болмақ. Қазір ьұл көрсеткіш – 3 932 теңгеге тең.
2025 жылдың басында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қазақстандағы ең жиі салынатын 10 айыппұл түрін атады. Осы мысалдар арқылы 2026 жылы АЕК өсіміне байланысты айыппұл мөлшері осылайша өзгермек:
  1. Жылдамдықты арттыру – ең төменгі айыппұл 5 АЕК – 21 625 теңге;
  2. Жол белгілері мен жолақпен белгіленген талаптарды сақтамау – ең төменгі айыппұл 3 АЕК – 12 975 теңге;
  3. Көлікті тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу – 5 АЕК – 21 625 теңге;
  4. Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін бұзуы – 2 АЕК – 8 650 теңге;
  5. Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу – 5 АЕК – 21 625 теңге;
  6. Жолаушылар мен жүктерді қауіпсіздік белбеусіз немесе мотошлемсіз тасымалдау талаптарын бұзу – 5 АЕК – 21 625 теңге;
  7. Қызылға өту – 10 АЕК – 43 250 теңге;
  8. Қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйде жүру – 5 АЕК – 21 625 теңге;
  9. Қоғамдық орындарды ластау – 10 АЕК – 43 250 теңге;
  10. Міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзу (заңды тұлға үшін) – 300 АЕК – 1 297 500 теңге.
07 қыркүйек 2025 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930