» » Дроперлер қылмыстық жауаптылыққа тартылады

Дроперлер қылмыстық жауаптылыққа тартылады


Елімізде кибералаяқтықтың ауқымы күн сайын кеңейіп барады. Әсіресе, «дроппер» деп аталатын құбылыс қоғам үшін үлкен қауіпке айналды. Бұған дейін заңнамада мұндай түсінік мүлде болмағандықтан, алаяқтардың көмекшілерін жауапқа тарту мүмкіндігі шектеулі еді. Енді алғаш рет дропперлерге қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізіліп отыр. Бұл – киберқылмыстың жолын кесу бағытындағы маңызды қадам.

Дроппер дегеніміз – өз еркімен немесе ақы үшін өз атына тіркелген банк картасы мен шотын алаяқтарға пайдалануға беретін адам.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексксіне енгізілген 232-1-бапқа сәйкес, банктік картасын, төлем құралына немесе сәйкестендіру деректеріне заңсыз қол жеткізу, оларды беру не алу ауыр қылмыс ретінде танылмақ. Мәселен, өз шотын үшінші тұлғалардың пайдалануына жол берген адам 3 жылға дейін, заңсыз ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін өзінің банк картасын бергендерге 5 жылға дейін және дропперлердің қызметін ұйымдастырып, бірнеше банк картасын басқаратындар үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұл түзетулер ресми жарияланған күннен бастап 60 күнтізбелік күн өткен соң заңды күшіне енеді. Яғни, заң ресми 2025 жылдың 14 шілдесінде заңды күшіне еніп, дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту тетігі толық іске қосылады.

Құрметті азаматтар, өзге адамдарға жеке деректеріңізді ешқашан ұсынбай, қатаң құпиялықта сақтаңыз. Сондықтан, әрбір адам өзінің банк шоты мен жеке деректерінің қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпағаны жөн.


Байқоңыр қалалық прокуратура
03 қыркүйек 2025 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930