» » АЛАЯҚТЫҚҚА АЛДАНБАЙЫҚ

АЛАЯҚТЫҚҚА АЛДАНБАЙЫҚ


№121 орта мектебінің педагогикалық ұжымымен Қармақшы АПБ-нің бастығының орынбасары полиция майоры Өмірбекұлы Мерей “Алаяқтыққа алданбайық” атты тақырыбында профилактикалық іс-шара аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мақсаты жайында мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Бұқпанов Талғат Сағатұлы қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың көбеюі байқалады. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, қылмыскерлер әртүрлі тәсілдерді қолдануда. Олардың ішінде ең көп тарағаны - веб-сайттар арқылы жәбірленуші өзі ақша аударып, кейіннен тапсырысын ала алмай қалу деректері жайында баяндаса, Қармақшы АПБ-нің бастығының орынбасары полиция майоры Өмірбекұлы Мерей алаяқтық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру немесе бөтеннің мүлкіне құқықтар алудың бір түрі екенін айтты.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы екінші бөлігінің төртінші тармағында интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Алаяқтар банктік деректемелерді (банк картасының нөмірі, ЖСН, жеке куәлік) алып, оларға ақша аудару керек деп хабарлайды, бірақ картаның өзінде бұғатталған немесе өзге де себептер бойынша банк картасы жоқ. Көрсетілген деректемелерді алғаннан кейін сенімді азаматтарға түрлі микрокредиттік ұйымдарда онлайн-қарыздар ресімделеді. ауданының тұрғындары әлеуметтік желілерде есепшотты жылжыту және бастапқы жарнамен ақша қаражатын көбейту туралы хабарландырулар орналастыратын қаскүнемдердің құрбандары болды. Ұтысты алу үшін олар электронды әмиянға бастапқы жарнаны аударуды талап етеді. Әрі қарай, жәбірленушіге букмекерлік кеңседегі ұтыс өтті және Ұтысты алу үшін әмиянды қайта толтыру қажет деп хабарлайды. Осыдан кейін алаяқтар жәбірленушінің есептік жазбасын бұғаттайды.
Бүгінгі таңда осы санаттағы қылмыстардың көпшілігі банктік карталарды пайдалану арқылы жасалды. Алаяқтар өздерін банк өкілі ретінде таныстырып, карта пайдаланушысына қоңырау шалып, бұғаттауды және басқа да жағымсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында картаны банктік терминал арқылы дереу тексеріп, оны іске қосу қажет екенін хабарлайды екенің кеңінен айтып түсіндіре отырып сақтық шараларын сақтап алаяқтардың құрбаны болмауға шақырды.

22 қаңтар 2025 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031