» » Қазақстанда қыркүйектен бастап айыппұлдар қоғамдық жұмыстармен алмастырылады

Қазақстанда қыркүйектен бастап айыппұлдар қоғамдық жұмыстармен алмастырылады




1 қыркүйектен бастап Қазақстанда әкімшілік жаза түрінің жаңа формасы – қоғамдық жұмыстар енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түзетулерге сәйкес, қоғамдық жұмыстар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 9-бабына сәйкес тағайындалуы мүмкін. Олардың қатарында:
Отбасындағы құқыққа қайшы әрекеттер (73-бап);
Ұсақ бұзақылық (434-бап);
Қоғамдық орындарды ластау (434-2-бап);
Әдейі жалған түрде жедел қызметтерді шақыру (438-бап, 2-бөлік);
Қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйінде жүру (440-бап, 3-бөлік);
Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау (443-бап, 2-бөлік);
Қоғамдық орындарда тиісу (449-бап, 2-бөлік);
Арнайы көлікке жол бермеу (598-бап, 2-бөлік);
Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін жүйелі түрде бұзуы (615-бап, 4-бөлік).
Жазаның орындалуын жергілікті атқарушы органдар бақылайды. Ал тағайындалған жұмыстардан жалтарғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабына сәйкес, бөлек жауапкершілікке тартылады.
Билік өкілдерінің айтуынша, қоғамдық жұмыстарды енгізу құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге, азаматтардың тәртібін арттыруға және қоғамдық тәртіп пен экологияға жауапкершілікті көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

(Сурет ашық дереккөзден)
31 тамыз 2025 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 918
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930