» » КЕНЕ ҚАУПІНЕ ТОСҚАУЫЛ

КЕНЕ ҚАУПІНЕ ТОСҚАУЫЛ

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында күзгі кезеңге арналған кенеге қарсы дәрілеу және залалсыздандыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауылдық округтерден үй аулалары мен мал қораларында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу туралы тиісті тапсырмалар берілген болатын.
Осыған орай, аудан әкімі аппаратының басшысы Диас Молдабаевтың қатысуымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алуға бағытталған залалсыздандыру жұмыстары басталды. Аталған шараға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен ветеринария саласының мамандары қатысты.
Залалсыздандыру жұмыстары «SATTI TULIK» ЖШС мердігер мекемесі арқылы жүзеге асырылуда. Жұмысқа 7 қызметкер мен 6 арнайы техника жұмылдырылып, «Креолин-Х5%» дәрілік препараты қолданылуда. Қазіргі таңда бірінші кезеңдік залалсыздандыру жұмыстары Жосалы кентінде жүргізілуде. Келесі кезекте жұмыстар Қармақшы, Қызылтам, Ордазы, Қорқыт, Диірментөбе елді мекендерінде жалғасатын болады.
Кенеге қарсы дәрілеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында тұрғындар үй аулалары мен мал қораларында тұрақты түрде механикалық тазалық жұмыстарын жүргізгені абзал екенін еске саламыз.
«Қт» ақпарат
14 тамыз 2025 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930