» » Бірге өсеміз, оқимыз, ойнаймыз, демаламыз

Бірге өсеміз, оқимыз, ойнаймыз, демаламыз

"Бірге өсеміз, оқимыз, ойнаймыз, демаламыз" атты жазғы демалыста оқушылармен өткізілген әдеби ойын.

Жаз – балалар үшін тек демалыс емес, шығармашылықпен шыңдалатын, қызықты әлеммен қауышатын керемет кезең. Осыны ескерген ауылдық кітапхана жазғы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Бірге өсеміз, оқимыз, ойнаймыз, демаламыз" атты әдеби ойын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойларына сіңіру, бос уақытты мәнді де мағыналы өткізуге бағыттау.

Әдеби ойын барысында балалар қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері – Бердібек Соқпақбаев, Мұзафар Әлімбаев, Сәкен Сейфуллин, Сапарғали Бегалин, Өтежан Нұрғалиев сынды ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқып, мәнерлеп оқу сайысына қатысты. Әсіресе, балалар «Менің атым – Қожа» повесінен үзінді оқып, кейіпкерлер әлеміне терең бойлап, өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара ойынмен жалғасын тапты. Балаларға арналған зияткерлік викториналар, ребустар, әдеби домино және көңілді эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.
Балалар өз қалаулары бойынша жазғы оқуға кітаптар алып, кітапхана оқырмандары қатарына қабылданды.

Балалар қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Олар үшін бұл күн кітаппен тілдескен, достармен бірге шаттанып ойнаған, жан дүниесін байытқан ерекше күн болды.

Жаз – баланың жанын баурайтын мезгіл. Ал кітап – сол мезгілдің мазмұнын аша түсетін мәңгілік дос. Сондықтан да мұндай әдеби-ойын оқушылар үшін үлкен маңызға ие екенін көрсетті.

05 тамыз 2025 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930