» » Табиғат аясында кітап оқы

Табиғат аясында кітап оқы

Қазір жаз мезгілі. Оқушылар кезекті жазғы демалыста. Осы ретте кітапханашылар кішкентайларды кітап оқуға қызықтыру, әрі олардың бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Осындай бір өзгеше іс-шара ІІІ Интернационал ауылында өткізілді.
Ауыл кітапханашысы Рима Тұрманова ашық аспан астында балалармен бірге кітап оқып, оларды талдауға арналған «Біз кітаппен біргеміз» тақырыбында кітап оқу әдеби отырысын өткізді.
– Бұл іс-шараның көздегені – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапты тек кітапханада, үйде, мектепте ғана емес, табиғат аясында да оқуға болатынын көрсеттім. Балаларға кітапты ашық аспан астында, сусын ішіп, еркін отырып оқимыз десе кітапханаға қуана келеді. Кішкентай оқырмандарымды өлең де оқытып, шағын әңгімелермен таныстырып, арасында доппен де ойнатып аламын. Менің басты мақсатым – осындай ерекшелікті қоса отырып, оқырман санын арттыру. Ойы озық, көкірегі ояу ел болашағының өсуіне өз үлесімді қосу, – дейді кітапханашы Рима Тұрманова.
Иә, аспан астында кітап оқу – жазғы демалыстағы балалар үшін керемет мүмкіндік. Жаңа білімді де игеріп, ойнап та, достармен бірге таза ауа жұтып та үлгеруге болады. Бұл уақытта телефоннан да демалады. Сондай-ақ бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне, көзқарасының дамуына ықпал етеді. Ал кітап оқу – балалардың өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға, табиғатты қорғауға, оны аялауға, саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
24 шілде 2022 ж. 2 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930