БӘЙТЕРЕК
Ауылдың ат шаптырып, бәйге беретін айтулы тойының бірі. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жиылған ауыл тойының ажары балуандар күресімен айшықтала түсті. Елдің назары ортаға төселген қызыл қалы кілемде. Бірінен соң бірі белдесуге білек сыбана кіріскен бұла күш иелері кермеге басы сыймаған тұлпардай тыпыршиды-ақ. Қарсыласының бірнешеуінің жаурынын жер иіскеткен жас Қодар бас бәйгеден үмітті-тін. Алайда, әділдіктің ақ жібінен аттаған төреші бәйгені басқаның қанжығасына байлап жіберді. Бұған жаны төзбеген Қодар балуан: «Тоқтаңыз, жеңілгенімді мойындамаймын. Ана тұрған атан түйені кім көтерсе, бас бәйгені сол алсын, таласым жоқ» дейді. Оның мына сөзі төрешіні шынымен-ақ састырды. Кінәсін түсінгендей, төреші де: «мақұл» деп келісімін бере кетті. Орташа бойлы, шымыр денелі Қодар шөгіп жатқан түйені аяғынан қапсыра ұстап, төбесіне көтергенде, әлгі қарсыластың да, төрешінің де құт қашады. Осы оқиғадан соң оны ел «түйе көтерген Қодар» деп атап кеткен. Міне, сол ер бабаның ұрпақтары бүгінде Жосалы кентінде Қодаровтар тегімен белгілі.
Қодар әкейдің бел баласы Керуен мен Жұмабай елдің ел болып еңсе тіктеуіне, ұрпағының көгеріп-көктеуіне септігін тигізді. Жұмабай Қодаров Ақжар ауылында 1906 жылы дүниеге келген. Балалық шағы Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі Қазан революциясы дүрбелеңімен тұспа-тұс келген. Елдегі «ақ пен қызылдың», ашаршылық пен жоқшылықтың нәубетін көрген. 1931 жылы отау құрған. Жұмабай ақсақалдың зайыбы Күләй әжеміз орта жүз – Керей руынан. Үш жүзге пір болған Марал ишан әулетінен. Әкейдің одан соңғы өмірі Ұлы Отан соғысымен байланысты. Сұм соғыс басталысымен қан майданға аттанып, жерлестері тәрізді ел қорғауға қатысады. Сондай бір қанды қырғын шайқаста жамбасына жау оғы тиіп, әскери госпитальда ұзақ емделуіне тура келеді. Алайда, соғысты әрі қарай жалғастырып, 1945 жылы елге оралады. Жарымжандығына қарамастан елдегі қайта қалпына келтіру жұмыстарында белсенділік танытады. Сол уақыттағы аты Одаққа мәшһүр Жосалы механикалық зауытына жұмысқа қабылданады. 1966 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін бір жерде абыройлы еңбек етті. Ерлі-зайыптылар өмірден өткенше бір-бірімен сыйласып, артына өшпес із, өмірлік өнеге қалдыра білді.
– 54 жыл бұл әулетке келінмін. Жолдасыммен 6 бала өсірдік. Ата-енеміз көмегін аяған жоқ. Барлық немересін көзбен көріп кетті. Екеуі өте тату-тәтті өмір сүрді. Атам енемді қатты қадірлейтін. Ешқашан ренжіткенін көрген емеспіз. Атам – кезінде «Жұмабай кәлпе» атанған адам. Дінге берік, адал адам болды. Шыншыл, көпшіл, туған-туысқа бауырмал еді. Ал, марқұм енем өз анамдай болды. Жас келін боп түскенімде, білмегенімнің бәрін үйретті. Ысырапшылдықты ұнатпайтын. Жоқшылық, қиыншылықты көп көрген. Соған қарамастан, еңбекқор-тын. «Қурайлы» каналын қолмен қазғандардың бірі. Ата да, енем де тақуа кісілер. Бес уақыт намазын қаза қылмады. Енемнің әділдігіне, тазалығына таң қалатынмын. Адам жайында теріс пікір айтпайтын. Жалпы біреуді тіліне алып сөз айтпайтын. Кимешегінің кірлегенін көрмедік. Балаға деген аналық мейіріміне сөзім жетпес. Немерелерін өзі тәрбиеледі. Әлі күнге дейін қайындары жеңгелерінің ізгі ісіне, адамгершілік қасиетіне басын иеді. Өнегесін бала-шағасына үлгі етіп айтып отырады. Осындай кісілердің шаңырағына келін болғанымды мақтан тұтамын. Енемнің 2 литрлік қазаны бар-тын. Соған тамақ пісіріп, отбасының барлығына жеткізетін. Әсіресе, немерелерін тамақтандырғаны бөлек. Бірде, кішкентай ыдысты қауқар көрмеген мен, «Апа, рұқсат етсеңіз тамақты үлкен қазанға пісірсем», – дедім. Бетіме бір қарады да қарсылық білдірмеді. Кешкі ас дәу қазанға асылды. Дастархан басына қаз-қатар отырып, тамақты жей бастадық. Байқаймын, асқан тамағым енемнің қазанындағыдай желінбеді. Қазанның түбінде де біраз көже қалған. Әр ыдыста да солай. Дәмді болмады білем. Сөйтіп, енемнің алдында ұятты болып қалдым. Қатты сөйлемейтін енем: «Тамақта ысырапшылдыққа жол беруге болмайды, обалы бар» деді де қойды. Бірақ, бұл өнеге өміріме азық болып қалды, – дейді берекелі әулеттің үлкен келіні Дәмелі Ыбырашқызы.
Жұмабай ата мен Күләй әжеден туылған Жалғас, Ібіраш, Айымторы және Әбдірахман атты ұл-қыздан қазіргі кезде 25 немере, 59 шөбере, 34 шөпшек тарап отыр. Тек қуатын қазақпыз ғой. Әулеттің әлеуетін көтерген ұл-қыздар да тегіне тартпай қоймапты. Марат – самбодан спорт шебері, Алмат – 2 дүркін Азия чемпионатының күміс жүлдегері, аудандық спорт мектебінің директоры, Динара – самбодан бірнеше мәрте Азия жеңімпазы, Әлемнің күміс жүлдегері. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Алма Архабаева – Шымкенттегі «Асыл арман» компаниясының президенті, танымал кәсіпкер. Алмаз, Алғыс Архабаевтар да – белгілі кәсіпкерлер. Бегали Мамбеталиев – Астанада ҚР Президент іс басқармасы медициналық орталығының қызметкері болса, Раббиль Мамбетали – әскери қызметте. Сондай-ақ, ата мен әженің бауырына басқан балалары – Мұрат Қодаров – спорт саласында жұмыс істесе, Шолпан Жұмабаева – Алматыда есепші.
«Орнында бар – оңалар» дейді дана халқымыз. Өткенге көз жіберу, бүгінге шүкірлік етіп, болашақты бағдарлау – ұлағатты ұрпақтың ісінен. Қодаровтар әулетінің ауызбірлігі, ұйымшылдығы осыбір дуалы сөзге жан бітіргендей. Ата ұрпақтары мен аудандық спорт бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен 16-мамырда Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмабай Қодаровты еске алуға арналған дзюдо күресінен аудандық жарыс өткізбек.
– Қодаровтар әулетін республика біледі десем қателеспеймін. Артында қалған үрметінің ата-баба рухына тағзым етуі – құптарлық. Аталған жарыстан небір спорт майталманының өсіп шығарына сенім мол, – дейді ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бапкер Әділбек Серікбаев.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
Пікір 1