» » ЖАҚСЫ ІС – ЖҮРЕКТЕН

ЖАҚСЫ ІС – ЖҮРЕКТЕН

Әлемнің екінші ұстазы аталатын Әбу Насыр әл Фараби бабамыз өз дәуірінде «Ісім оңсын десеңіз – сол істің маманы болыңыз, даңқым шықсын десеңіз – көпшіліктің адамы болыңыз» деген екен. Осындай қанатты қағиданы өмірлік ұстаным еткен азаматтар біздің жерімізде де аз емес. Солардың бірі – қай кезде де ауылдық округте өткізілетін іс-шараларға қолдау білдіріп, демеушілік жасап келе жатқан «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Ақжар» шаруа қожалығының ұжымына ауылдастары дән риза.
Жақында осындай қайырымдылық шараның тағы бір куәсі болып отырмыз. «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Ақжар ауылындағы бірқатар ардагерге қолдау көрсетіп, олардың мәдени-көпшілік орында демалуларына жағдай жасады. Атап айтсақ, зейнеткерлер Қызылорда қаласындағы «Өнер» орталығында «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысын тамашалап қайтуға мүмкіндік алды.
– Айтыста еліміздің әр өңірінен 12 айтыскер ақын бағын сынады. Өнер додасы жоғары деңгейде өтті. Осы айтыста еліміздің өнер тарландары Асанәлі Әшімов, Сауытбек Абдрахманов, Жүрсін Ермановтарды көріп, көзайым болдық. Айтысты белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай жүргізді. Халық көп жиналды. Ақындарымыздың айтысы әсерлі де мағыналы болды. Ауылдың тіршілігінен бір сәтке тыс шығып, рухани сусындағанымызға қуанып қайттық. Осы ретте ауылымыздың әкімі Нұржамал Бектайқызына, шаруашылық басшылары Жомарт Жақсылықұлы мен Нұрлан Жәмитұлына айтар алғысымыз шексіз дейді, – ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Рая Жөнейтова.
Сонымен қатар 83 және 69 жас аралығындағы ардагерлер – Жеңіс Байрахметов, Мақұм Рсалдиев, Рая Сәрсенбаева, Әсем Берманова, Әлия Меңлібаева секілді аға буын өкілдерінің де ұйымдастырушыларға айтар алғысы шексіз.
Шын мәнінде бір сәттік көңілкүй дегенімізбен де, адамға осындай қуанышты күй сыйлау қандай бақыт десеңші.
С.ДАТ
27 мамыр 2025 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930