WhatsApp-тағы хаттар қауіпті болуы мүмкін: ашуға асықпаңыз
WhatsApp арқылы келетін құттықтау ашықхаттары – әдемі. Бірақ олардың бәрі қауіпсіз деуге келмейді. Көзге жай ғана GIF-анимация немесе сурет болып көрінгенімен, оның артында зиян файл болуы мүмкін. Кибералаяқтар танымал мессенджерлерді шабуыл үшін қалай пайдаланатынын және өзіңізді қалай қорғауға болатынын Tengri Life айтып береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
WhatsApp алаяқтардың адамдарды алдау құралына айналып барады. Қауіпті сілтемелерден бастап, бір реттік құпиясөздерді (OTP) ұрлау схемаларына және тіпті "цифрлық тұтқындауға" дейін – киберқылмыскерлер пайдаланушыларды алдау үшін жаңа тәсілдерді үнемі ойлап тауып жатыр.
Жақында зиян бағдарламалық жасақтама жасырулы графикалық файлдар арқылы қолданушыларды нысанаға алатын жаңа алаяқтық тәсілі пайда болды. Жәбірленуші осындай суретті ашқан кезде, зиян бағдарлама автоматты түрде құрылғыға орнатылады. Ол кейіннен банк шоттары мен құпиясөздер сияқты құпия ақпаратқа қол жеткізе алады. Кей жағдайда қашықтан құрылғыны басқару да мүмкін болады.
Алаяқтар қалай әрекет етеді
Туыс немесе досыңыздың атынан сурет жібереді;
Нақтысында бұл – вирус немесе фишингтік сілтеме;
Файлды ашу – зиянды бағдарламаны орнатуға әкеледі.
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу керек
WhatsApp платформасы файлды ашпас бұрын оның кімнен келгеніне сенімді болуға кеңес береді. Кейбір файлдарды чатты жіберу немесе алу кезінде қате туралы хабарламалар көрінуі мүмкін.
Егер файл күмән тудырса немесе WhatsApp оны қолдамаса, сәйкес ескерту шығады. Бұл хабарлама файлды жіберуші ме, әлде қабылдаушы ма, соған байланысты болады.
Мамандар мұндай қауіптен қорғану үшін барлық сервисте екі факторлы аутентификацияны орнатып, ешкімге растау кодтарын айтпауға кеңес береді.
WhatsApp – ыңғайлы әрі танымал мессенджер. Дәл осы себепті ол киберқылмыскерлер үшін негізгі нысанаға айналып отыр. Әдемі ашықхат келді екен деп бірден ашпаңыз – ол сіздің қаржыңыз бен деректеріңізге қауіп төндіруі мүмкін.